Көкшетаудағы дәмханалардың бірінде қыздар арасында төбелес шықты

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласы ІІБ-нің кезекшілік бөліміне 23 және 24 жастағы қыздар арызданды. Олардың айтуынша, 15 ақпанда шамамен сағат 06.30-да қалалық дәмханалардың бірінде төрт белгісіз бойжеткен оларға шабуыл жасап, дене жарақаттарын салған.
None
None

Бұл туралы Ақмола облысы бойынша ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жедел-іздестіру шарасы барысында Көкшетау қаласының тұрғындары - 20,22 және 24 жас шамасындағы қыздар ұсталды. Олар өздерінің кінәларын мойындады. ҚР ҚК-нің 257 бабы, 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар