Көкшетаулық полицей эпилепсия талмасына ұшыраған қызды құтқарып қалды

Денис Клименконың хатында көрсетілгендей ағымдағы жылдың 27 наурызында Қайрат Базарбаев түс кезінде Көкшетау қаласындағы асханалардың бірінде эпилепсис талмасына ұшыраған қызды құтқарып қалды. Полицей қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, есін жиғызды. Кəугерлердің айтуынша, Қайраттың ширақ қимылы болмағанда қыздың жағдайы ауыр болар ма еді...
Хат авторы өз сөзінде қызметіне лайықты тəртіп сақшысының тəрбиеленіп жатқанына алғысын білдірді.
"Қайрат Базарбаев сияқты полиция қызметкерін тəрбиелегені үшін алғыс білдіремін. Қиын кезде абыржымай дұрыс шешім қабылдап, адам өміріне араша түсетін осындай полиция қызметкерінің Қазақстанда болуы мені шынымен қуантады", делінген хатта.
Қайрат Базарбаевтың төтенше жағдайға ұшыраған жандарға көмектесуде тәжірибесі мол. 2014 жылы Көкшетау техникалық институтын үздік бітірген. Кейін 2 жыл қатарынан Ақмола облыстық ТЖД қызмет істеді. 2016 жылдың сәуірінен бастап, ІІД шұғыл əрекет ету жасағының инспекторы қызметінде. Бокстан спорт шеберлігіне кандидат.
"Азаматтардың түрлі келеңсіз жағдайларға тап болып, абыржып қалатын кездері болады. Сол секундтарда біздің міндетіміз оларды сабырға шақырып, жағдайдан шығудың тиімді жолдарын қарастыру»,-дейді Қайрат Базарбаев.