Орал көшелерінде бүгін жүрудің өзі мұң болды - фоторепортаж

ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында 13 ақпанда жауған жаңбырдан кейін көшелерді көк мұз басып, қолайсыз жағдай қалыптасты.

көктайғақ
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

Таңмен қоғамдық көліктер жүрмегендіктен, тұрғындардың қатынауы қиындап кетті. Такси бағасы шарықтап шыға келсе, кей тұрғындар көшеде конькимен жүрген суреті мен видеосын әлеуметтік желіге жүктеп жатты.

коньки
Фото: видеодан алынған кадр

Бұл күні қала мектептерінің оқушылары онлайн оқыды. 

Орал
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, мұндай жағдай облысқа тән болып, көптеген бағыттарда жолдар жабылды. 

көктайғақ
Фото: Әлеуметтік желіден алынды

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 13 ақпан күні сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін өңірдегі медициналық ұйымдардың травматологиялық пункттерінде түрлі жарақатпен 74 адам түсті.

көктайғақ
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

Солардың ішінде 5 адамға күндізгі стационар, 40 пациентке амбулаторлық ем тағайындалды. 6 адам тәулік бойғы стационарға жатқызылса, 23-і медициналық тексерістен өтуде. 

мұз
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform
көктайғақ
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты 7 жол учаскесі жабылғанын жазған болатынбыз. Оралда көктайғақта мұзға тайып жығылған 156 адам дәрігерге жүгінді.

мұз
Фото: Автордан