Көлігін кран жапырған жүргізушінің қалай аман қалғаны видеоға түсіп қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кранның көлікті жапырған сәті 17 қазан күні Қытайдың Чжухай қаласындағы бақылау камерасына түсіп қалған. 

Гидравликалық мұнаралы кран бағдаршамда тұрған автомобильдің тап үстіне, көлікті әп-сәтте жапырып тастаған. Видеоның алғашқы көріністерінен  көлік жүргізушісі қаза тауып немесе ауыр жарақат алды деп тұспалдауға болады.  Алайда, кран құлағаннан соң бірнеше секундардан кейін оның көлік салонынан алдыңғы әйнектері арқылы шығып келе жатқанын көруге болады. Ер адамның жіліншігі ғана сынып, жақын жердегі ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Yahoo News.

Соңғы жаңалықтар