19:52, 14 Ақпан 2011 | GMT +5
Көлік полицейлері ірі көлемдегі металл сынықтары ұрлығын ашты
АҚТӨБЕ. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Көліктегі ІІД Ақтөбе стансысындағы ЖІІБ қызметкерлері ірі көлемдегі металл сынықтары ұрлығын ашты.
![None None](/static/img/plug.webp)
Ақтөбе стансысындағы ЖІІБ хабарлағандай, Жіңішке стансысындағы «Ақтемір экспо» ЖШС жүк вагонынан 1200 келі металл сынықтары жоғалып кетті. Іс материалдарынан белгілі болғандай, аталмыш жүк Ресейге бағыт алып бара жатқан.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдікті азаматтарды анықтады. Ұрлықты топ адам болып, Жіңішке стансысындағы жүк пойыздарын құраушы - теміржолдың екі қызметкері жасағаны анықталды. Келтірілген шығын 33600 теңгені құрады.
Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 175-бабы 2-тарауы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды.