Көлік полицейлері Тәуелсіздік күнін атап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Көліктегі ішкі істер департаментінде ҚР Тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Департамент бастығы полиция полковнигі Ахан Қажкенов қызметкерлерді еңселі еліміздің еркіндігінің символы - Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
None
None

«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасы қарқынды дамып, халықтың әлеуетін арттыруда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Елімізде саяси тұрақтылық пен рухани келісімнің орнауы мемлекетіміздің әлем алдындағы беделін одан сайын асқақтата түсті. Бұл жетістіктеріміздің барлығы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың болашақты болжай білетін көрегендігі мен салиқалы саясатының арқасы», - деді Ақан Сәттібайұлы.

Салтанатты шарада ішкі істер органдарының ардагерлері де сөз алып, жеке құрамды мерейлі мерекемен құттықтады.

Бүгінде Көліктегі ішкі істер департаменті қызметкерлері қызмет көрсету аумағындағы құқтық тәртіпті қамтамасыз ете отырып, өздеріне жүктелген күрделі қызметтік міндеттерді зор абыроймен атқаруда.

Мереке қарсаңында қызметкерлерге мерзімінен бұрын арнайы атақтар, атап айтқанда, Есірткі бизнесімен күрес басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Е. Акбаровқа - «полиция полковнигі», Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры А. Садуақасовқа -«полиция подполковнигі», сондай-ақ, Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға тергеушісі Д. Жұмақановқа «полиция майоры» атағы берілді.

Қызметте де ерекшеленген Департаменттің бірқатар қызметкерлері тиісті марапатқа ие болды. Оның ішінде ҚР ІІМ құрмет грамотасымен Көкшетау стансасындағы желілік полиция бөлімінің басшысы полиция майоры К. Сыздықов, «Ішкі істер органдарының үздігі» 2 дәрежелі төсбелгісімен Өзіндік қауіпсіздік басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға жедел уәкілі подполковник Е. Тұрғанбаев және Қызылорда стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімі басшысының орынбасары полиция майоры Б. Бейсен марапатталды.

Сонымен қатар мерекелік шара барысында қоян-қолтық ұрыстан Азия чемионатының жеңімпазы Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының криминалдық полиция бөлімінің полиция лейтенаты Е. Сансызбайға Департамент басшылығы тарапынан бағалы сыйлықтар тапсырылды.

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Департаменттің 18 қызметкері, Көліктегі ІІД бастығының бұйрығымен 117 қызметкер марапатталды.

«Біз мәңгілік ел боламыз» атты республикалық конкурста 1-орын иеленген полиция майоры Ш. Жүзенов пен аталмыш конкурстың дипломанты кіші сержант Д. Кабидуллинге де естелік сыйлықтар табыс етілді.

Салтанатты шарада Тәуелсіздік күні қарсаңында Департамент қызметкерлері арасында өткізілген спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сыйлықтар тапсырылды. Үздік ойыншылар да бағалы сыйлықтар мен кубок, және Көліктегі ІІД басшысының құрмет грамоталарын алды.

Салтанатты шараның соңы полиция қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған мерекелік концертке ұласты, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар