19:37, 27 Мамыр 2015 | GMT +5
Көлік полицейлері заңсыз айналымдағы 360 келіден аса бекіре тұқымдас балықты тәркіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері балықтар мен балық өнімдерін заңсыз аулаудың жолын кесу мақсатында республикалық «Бекіре -2015» жедел-алдын алу шарасын өткізді.

1 сәуірден 31 мамыр аралығындағы шара барысында балықтар мен балық өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 9 фактісі анықталды. Сондай-ақ, заңсыз айналымдағы 365 келі балық тәркіленді. Оның 51 келісі бекіре тұқымдас балықтың түрі болса, 5 келісі бекіре тұқымдас балықтың уылдырығы.
Мәселен, Атырау қаласының әуежайында Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Атырау-Ақтау» бағытындағы рейске тіркеу кезінде 39 жастағы Ақтау қаласының тұрғынын ұстады.
Тексеру барысында ұсталған азаматшаның қол сөмкесінен тиісті құжатынсыз, жалпы салмағы 1 келі болатын бекіре тұқымдас балықтың уылдырығы табылды.
Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.