Көліктегі ІІД басқарма басшысы қылмыс үстінде ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы қылмыс үстінде ұсталды.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова хабарлады.

 Көліктегі ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы лауазымды тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартпау және жалпы қамқорлығы үшін бұрын келісілген 50 000 АҚШ доллары сомасының 11,5 млн. теңге көлеміндегі параны алу барысында қолға түсті.

Ұстау барысында ол Ұлттық бюро департаментінің жедел департаменті қызметкерінің автокөлігін соғып, қарсыласқан және бой тасалауға әрекеттенген.

Атап өту керек, оның лауазымдық міндеттерінің аясына республика бойынша ұйымдасқан түрдегі қылмыстарды тоқтату және анықтау кірген.

Күдікті ұсталып, Астана қаласы ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Соңғы жаңалықтар
telegram