09:45, 04 Тамыз 2025 | GMT +5
Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен қамауға алынды
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрін пара алды деген күдікпен ұстап, сот санкциясымен қамауға алды, — делінген ҰҚК хабарламасында.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Осыдан бұрын ҰҚК-нің жаңа қызметі бір айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 17 қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды.
Жақында Президент ҚР ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі туралы ережені бекітті.