Колледж студенттері әлемнің 152 мемлекетінде танылған сертификат ала алады

АСТАНА. KAZINFORM - Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық және кәсіптік білім алушылардың кәсіби дағдыларын танудың жаңа құралы енгізілуде, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Педагоги колледжей, преподающие инженерные специальности, встретились в Павлодаре
Фото: Артем Викторов/Kazinform

Халықаралық сертификаттау жүйесі Certiport платформасы негізінде іске қосылып, қазіргі таңда пилоттық режимде еліміздің бес колледжінде қолжетімді. Қазақстандағы алғашқы ресми тестілеу орталығы (CATC) «Talap» КЕАҚ базасында ашылды.

Certiport — бұл цифрлық технологиялар мен кеңсе бағдарламалары саласында кәсіби сертификаттауға бағытталған халықаралық платформа. Ол білім беру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі — Ұлыбританиялық Pearson компаниясының құрамына кіреді.

Certiport сертификаттары әлемнің 152 елінде танылған, олардың қатарында — АҚШ, Канада, Еуропа, Азия, Австралия және Таяу Шығыс елдері бар.

Бұл қазақстандық колледж студенттерінің өз дағдыларын халықаралық стандарттар бойынша дәлелдеп, шетелдік жұмыс берушілер тарапынан танылуына, шетелде тағылымдамадан өтіп, жұмыс табуда артықшылыққа ие болуына және жаһандық еңбек нарығына шығуына мүмкіндік береді.

«Қазіргі таңда колледж түлектеріне тек диплом емес, нақты дағдыларын растауы да қажет болуда. Халықаралық сертификаттау оларға Қазақстанда да, шетелде де жаңа мансаптық мүмкіндіктер ашады», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Аталған емтихан сессиясы ASTANA POLYTECHNIC жоғарғы колледжі базасында өтті. Нәтижесінде төрт студент өз кәсіби құзыреттерін растап, халықаралық сертификаттарға ие болды. Олардың қатарында киберқауіпсіздік саласындағы IT-мамандар: Дмитрий Карпюк, Арсений Цыплаков, Рашид Хисматуллин, сондай-ақ JavaScript бойынша IT-маман — Әдемі Қабдолла бар.

Осыған дейін білім беру жүйесіне жасанды интеллект құралдарын енгізудің ұлттық саясаты әзірленетіні туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар