Көлсай көлдерінде 31 мамырға дейін балық аулауға тыйым салынды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысында орналасқан ұлттық табиғи паркі аумағында 3 ай балық аулауға болмайды.

Көлсай
Фото: Балагазиев Ерназ / Kazinform

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің баспасөз қызметі тыйым Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты 2025 жылы жасаған биологиялық негіздемеге сәйкес күшіне енетінін хабарлады.

— 2026 жылдың 1 наурызынан 31 мамырына дейін Ортаңғы Көлсай, Төменгі Көлсай, Қайыңды көлдерінде және парк аумағындағы барлық өзен суларында әуесқойлық және спорттық мақсатта балық аулауға тыйым салынды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Балқашта 100 келіден астам заңсыз балық аулаған төрт адам ұсталды. Оларға ҚР ҚК-нің 335-бабының белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ал Алматыда заңсыз ауланған 700 келі балық анықталды. Алдын ала бағалау бойынша балық ресурстарына 5 946 348 теңге залал келтірілген.

Соңғы жаңалықтар
Референдум