Көлсай көлдерінде күшіктерін ерткен қар барысы фототұзаққа түсіп қалды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде үш есейген аланын ерткен ұрғашы ілбіс фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы ұлттық парктің әлеуметтік желідегі парақшасы жариялады.

— Қар барысының үш бірдей баласымен фототұзақтың нысанына ілігуі - өте сирек құбылыс. Бұл олар мекен еткен ортаның оларға қолайлы екенін аңғартады. Сұлу жыртқыштардың табиғат аясында қамсыз өмір сүруі — олардың популяциясын сақтау мақсатында жасалған жұмыстың жемісі екені сөзсіз, - делінген ұлттық парк жазбасында.
Қар барысы қорғауға алынған аң, десе де оның популяциясы браконьерлік пен мекен ету аймағының жылдан-жылға қысқаруына байланысты әлі де осал болып қала бермек. Алайда мұндай көріністер ғалымдар мен ұлттық парктердің үйлесімді жұмысының нәтижесі, бұл ерекше жыртқыштарды қорғауға көмектесетініне үміт береді.
Табиғатты бірге қолдайық!
Еске салсақ, бұған дейін Катонқарағайда қар барысы фототұзаққа түсіп қалған еді.