Көлсайда суға түскен Дуровқа қандай шара қолданылуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк Көлсай көліне суға түскен Павел Дуровқа қандай шара қолданылуы мүмкін екенін айтты.

Павел Дуров на Кольсае
Фото: t.me/durov

Оның айтуынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы су айдынына шомылғаны үшін жауапкершілікке тарту Экология министрлігінің құзыретіне кіреді.

- Біз рәсімдеген жоқпыз. Тек бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан материалдарды жинап, мәселені қарастыру үшін Экология министрлігіне бердік, - деді комитет төрағасының орынбасары.

Осы орайда БАҚ өкілдері одан Павел Дуровқа қанша мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін екенін сұрады.

- Қалай жіктелетіндігіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Өкілетті органдармен сөйлесу қажет. Ең төменгі шара ескерту және қателеспесем, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, - деді ол.

Айта кетейік, Тelegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Алматы облысындағы Көлсай суына шомылып жатқан бейнежазбасын жариялаған еді.

Соңғы жаңалықтар