Колумбияда көшкін салдарынан 4 адам көз жұмды

АСТАНА. KAZINORM — Колумбияның оңтүстігіндегі Нариньо департаментіндегі көшкін салдарынан төрт адам қаза тауып, 100-ге жуық отбасы баспанасыз қалды, деп жазады Report.

Колумбияда көшкін салдарынан 4 адам көз жұмды
Фото: Report

Бұл туралы аймақ губернаторы Луис Альфонсо Эскобар әлеуметтік желіде хабарлады.

— Жаңбыр бірнеше қалада төтенше жағдайларды тудырды, бірақ ең жойқыны Пасто қаласындағы Эль-Энкано елді мекенінде болды, онда көшкін төрт адамның өмірін қиып, елеулі шығын келтірді, — деді ресми өкіл.

Көшкін 400-ден астам отбасыға әсер етті, бірнеше жолды жүруге жарамсыз етіп, үш су арнасының опырылуына себеп болды. Билік жолдарды тазалап, ауыз суды автоцистерналармен жеткізу жұмыстарын жүргізуде, деді губернатор.

Ла-Крус қаласында 100 отбасы су тасқынынан зардап шекті, үш жаяу жүргіншілер көпірі қирады.

Айта кетейік, бұған дейін Аргентинада су тасқынынан қаза тапқандар саны 16-ға жеткенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар