Колумбияда қуатты жер сілкінісі болды
АСТАНА. KAZINFORM – Жексенбі күні Колумбияда қуаты 6,5 магнитудалық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Еuronews.

Колумбия геологиялық қызметінің хабарлауынша, жерасты дүмпулерінің ошағы Паратебуэнодан солтүстік шығысқа қарай 17 км қашықтықта, 10 км тереңдікте жатыр.
#SismosColombiaSGC Evento Sísmico - Boletín Preliminar, 2023-03-10, 04:18 hora local. Magnitud 5.9. #NoticiaEnDesarrollo #Temblor #Sismo ¿Sintió este sismo? repórtelo https://t.co/ehDqPbETsf Más información: https://t.co/h4VVP0556L pic.twitter.com/yvxqbGeNTE
— Servicio Geológico Colombiano (@sgcol) March 10, 2023
Жер сілкінісі елдің басым бөлігінде сезілген. Жерасты дүмпулері 100 км қашықтықта жатқан ел астанасы Боготада да сезілді.
Әзірге қирандылар мен зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ. Әлеуметтік желілерге жарияланған суреттерде Боготадағы жерасты дүмпулерін сезінген адамдар бейнеленген. Олардың бірі жұмыс орындарын тастап шыққан.
Ауылдық аймақтардан түсірілген кадрлар қираған ғимараттардың жоқ екенін көрсетті.
#SismosColombiaSGC Evento Sísmico - Boletín Preliminar, 2023-03-10, 04:18 hora local. Magnitud 5.9. #NoticiaEnDesarrollo #Temblor #Sismo ¿Sintió este sismo? repórtelo https://t.co/ehDqPbETsf Más información: https://t.co/h4VVP0556L pic.twitter.com/yvxqbGeNTE
— Servicio Geológico Colombiano (@sgcol) March 10, 2023
Колумбия сейсмикалық жән вулкан атқылау қаупі жоғары аймақта жатыр.
Осыған дейін ғалымдар Калифорнияда алдағы жылдары жойқын жер сілкінісі болатынын ескерткен еді.