Қонаевта жаңа казинолар ашылуы мүмкін

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Қазіргі таңда Қонаев қаласында 5 казино ресми жұмыс істеп тұр.

казино
Фото: pixabay.com

Kazinform тілшісінің сұрағына жауап берген Қонаев әкімі Асхат Бердіханов құмар ойын саласында үш мыңнан астам адам жұмыс істейтінін айтты.

— Қазіргі уақытта бізде бес казино жұмыс істеп тұр. Жабылған нысандар туралы ақпаратым жоқ. Барлық жұмыс істеп тұрған казино қалыпты жағдайда, үш мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған, — деді ол.

Әкімнің айтуынша, құмар ойын бизнесінен түсетін салықтың негізгі бөлігі республикалық бюджетке, ал қалғаны жергілікті бюджетке түседі. Асхат Бердіханов жаңа казино орталықтарының ашылуы туралы да пікір білдірді.

— Біз инвесторлардың нақты жоспарларын біле алмаймыз. Дегенмен, екі инвестор бұл жерде қосымша казино ашқысы келетінін мәлімдеді. Алайда, барлық нысан қолданыстағы заңнамаға сай келуі және қажетті лицензияларға ие болуы тиіс, — деп атап өтті әкім.

Еске салайық, бұған дейін үш облыста тек шетелдіктерге арналған казинолар ашылатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар