22:17, 24 Тамыз 2023 | GMT +5
Конференция лигасы: «Астана» жеңіп, «Тобыл» қарсыласына есе жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Астана» және «Тобыл» футболдан Конференция лигасы плей-офф сатысында алғашқы ойындарын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордалық «Астана» өз алаңында Албанияның «Партизани» командасын қабылдады.
Кездесу барысында қазақстандық команда басым болды. Ойынның 41-минутта елордалық клубтан Степан Лончар қарсылас команда қақапшысын қапы қалдырды.
Екінші кезеңде төреші ойыннан тыс қалды деген себеппен «Астананың» үш голын есепке алған жоқ.
Нәтижесінде «Астана» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
Тағы бір кездесуде Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Чехияның «Виктория Пльзень» командасынан жеңіліп қалды.
Кездесу барысында чехиялық клубтан Саду 73 Лукаш Калвах 90-минутта екі гол соқса, оған 99-минутта «Тобыл» сапынан Серж Дебле пенальтиден есеп айырмасын қысқартты.
Осылайша қостанайлық клуб қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.
Қарымта кездесу 31 тамызға белгіленген.