Конференция лигасы: «Ақтөбе» босниялық «Сараево» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Ақтөбе» Конференция лигасы бірінші іріктеу сатысында Босния және Герцоговинаның «Саарево» командасымен ойнайды.

Чемпиондар лигасы
Фото: fcaktobe_official

Жарыстың аталған сатысындағы ойындар 11 және 18 маусым күндері өткізіледі.

«Сараево» командасы 1946 жылы құрылған. Өз елінде бес мәрте чемпион атанды. 

Сондай-ақ ел кубогын жеті мәрте төбесіне көтерді.

Айта кетсек, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Еліміздің атынан аталған турнирде сынға түсетін қазақстандық «Ордабасы» Молдованың «Петрокуб» командасымен ойнайды.

Қазақстандық «Тобыл» Еуропа лигасы бірінші іріктеу сатысында Словакияның «Ружомберок» командасымен ойнайтын болды.

Аталған турнирде елордалық «Астана» командасы екінші іріктеу сатысынан бастайды.

Соңғы жаңалықтар