Конференция лигасы: «Астана» алғашқы ойында «Милсамимен» тең түсті
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Астана» алғашқы ойынын Молдованың «Милсами» командасына қарсы өткізді.

Кездесу барысында командалар жылдам гол соғуға тырысты. Соған қарамастан бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Екінші кезеңде астаналық команла басымдықты арттырды. Қос қанағаттан жиі шабуылдар ұйымдастырды. Нәтижесінде 57-минутта Назми Грипши «Астананы» алға шығарды.
Өз қақпасына гол жіберіп алған «Милсами» таразы басын теңестіруге ұмтылды. Жылдам шабуылдың нәтижесінде бірнеше қауіпті сәтті ұйымдастырды.
Ойынның 90-минуттында олардың қатарынан Дэнни Лупано көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді. Енді қостанайлық «Тобыл» Қазақстан уақытымен 23:00-де сырт алаңда Швейцарияның «Санкт-Галлен» клубымен жасыл алаңға шығады.
Ойын «Sport Plus Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.