Конференция лигасы: «Астана» және «Ақтөбе» жарысты жалғастыра ала ма

АСТАНА. KAZINFORM — UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде бүгін қазақстандық «Астана» және «Ақтөбе» командалары қарымта ойындарын өткізеді.

«Астана» футбол клубы
Фото: «Астана» футбол клубы

Алдымен елордалық «Астана» сырт алаңда Молдованың «Зимбру» командасын қабылдайды. Кездесу қазақстандық уақытпен 21:50–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бірінші кездесуде командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

«Астана» Конференция лигасындағы ойынын бірден екінші іріктеу кезеңінен бастады.

«Зимбру» 1947 жылы құрылған. Өз елінде сегіз мәрте чемпион атанды. Соңғы рет мұндай атаққа 2000 жылы ие болды. Биыл олар Молдова чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ бүгін «Ақтөбе» сырт алаңда Чехияның «Спарта» (Прага) командасымен шеберлік байқасады.

Кездесу қазақстандық уақытпен 22:50–де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Алғашқы ойында «Ақтөбе» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

«Ақтөбе» еурокубок ойындарын Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінен бастап, бұл жолы Польшаның «Легия» командасына (0:1, 0:1) есебімен жол берді.

«Спарта» футбол клубы 1893 жылы құрылған. Қазірге дейін өз елінде 35 мәрте чемпион атанып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Еске салсақ, алматылық «Қайрат» футбол командасы UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде Финляндияның КуПС командасын жеңіп, жарыстың үшінші кезеңіне жолдама алды. 

Соңғы жаңалықтар