Конгодо шахта опырылып, 200-ден астам адам көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM — Ел билігі таратқан мәлімдемеге сәйкес, Конго Демократиялық Республикасында шахта опырылып, 200-ден астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды Синьхуа.

Сцена с участка кустарной добычи полезных ископаемых в ДРК
Фото: Programme Intégré pour le Développement du Peuple Pygmé (PIDP)

Конго тау-кен министрлігі жариялаған мәлімдемеде айтылғандай, оқиға Солтүстік Киву провинциясындағы Рубая ауданындағы шахтада қатты нөсерден кейін болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 200-ден астам адам қайтыс болды, оның 70-ке жуығы кәмелетке толмағандар.

Мәлімдемеде Рубая шахталары қазіргі уақытта «23 наурыз қозғалысы» /м23/ көтерілісшілер тобының бақылауында екендігі көрсетілген. Бұл құтқару жұмыстарын қиындатып отырғандығы да жазылған.

Айта кетейік, бұған дейін де Конго Демократиялық Республикасының шығысында шахта құлап, 227 адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум