15:16, 03 Наурыз 2026 | GMT +5
Конькимен жүгіруден 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM – 5-8 наурыз аралығында Херенвен қаласында (Нидерланд) конькимен жүгіруден классикалық және спринтерлік көпсайыс бойынша әлем чемпионаты өтеді.
ҚР ҰОК мәліметінше, дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы да қатысады. Әлем біріншілігінде ел намысын үш спортшы қорғайды.
Надежда Морозова классикалық көпсайыста сынға түседі. Ал Арина Ильященко мен Артур Галиев спринтерлік көпсайыста бақ сынайды.
Айта кетейік, футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеңін бастайды.
Қазақстан тарихында алғаш рет семсерлесуден шпага бойынша әлем кубогі кезеңі өтпек. Халықаралық дода 26-29 наурыз күндері Астанадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешенінде ұйымдастырылады.