Конституция күнінде Ақтөбеде жеке куәлік пен туу туралы куәліктер табысталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Конституция күніне арналған көптеген мерекелік шаралар өтті. Тұңғыш Президент атындағы саябақта ақтөбеліктерді елдің негізгі мерекелерінің бірімен қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева құттықтады.
None
None

- Биыл Конституция қабылдануының 19 жылдығын тойлап жатырмыз. Стратегиялық маңызды құжат тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктеріне өз үлесін қосты, - деп атап өтті ол.

Бұл күні салтанатты шарада 11 жаңа туған сәби мен 16 жасқа толған 7 жас ақтөбелікке туу туралы және жеке куәліктерімен бірге сыйлықтар табыс етілді.

- Бірінші балам Олжас Әбілқайырдың туу туралы куәлігін Конституция күні алғаныма қуаныштымын. Ол бақытты ғұмыр кешеді деп үміттенемін, - деді сәбиімен келген Жеңісгүл Елеусізова.

Сондай-ақ, саябақ алаңында жергілікті өндірушілердің ауыл шаруашылық тауарлары қойылған көрме ұйымдастырылды. Мәселен жас натуралистер стансасы балалардың жасаған жұмыстарын әкеліпті. Ол гүлден жасалған композициялар, көкөністер мен жемістер, сонымен бірге қояндар мен кептерлер. Жалпы жас натуралистердің үйірмелеріне 600-ден астам бала қатысады.

Соңғы жаңалықтар