20:42, 29 Тамыз 2014 | GMT +5
Конституция күніне орай 161 полиция қызметкері марапатталды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін облыстық ІІД-де ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты шара өтті.

Шара барысында Қызылорда ОІІД бастығы Жанарбек Бақтыбаев сөз алып, «Конституция күні» мерекесінің полиция қызметкерлері үшін ерекше маңызды екендігін атап өтті. Сондай-ақ полиция қызметкерлері мен ардагерлерді мерекемен құттықтап, игі тілегін жолдады.
Мұнан соң департамент бастығы Ж.Бақтыбаев қызметте аянбай еңбек етіп, антқа адалдығын танытқан 161 қызметкерді марапаттады. Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты, деп хабарлады ОІІД баспасөз қызметінен.