Қопадағы оқушы өлімі: Ақтөбеде тергеу жұмысы аяқталды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа ауылындағы оқушы өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жұмысы аяқталды. Қазір тараптар іс материалдарымен танысып жатыр.

Оқушы өлімінен кейін Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық», «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» баптары бойынша тергеу жүрді. Кейін бұл бап Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабына өзгертілді.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық істі 99-баптың 2-бөлігінен («Адам өлтіру») 106-баптың 3-бөліміне («Адамның өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру») қайта саралау туралы шешімі қабылданды.
- Қазіргі уақытта қылмыстық іс аяқталды және процеске қатысушылар танысып жатыр. Танысқаннан кейін қылмыстық іс заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі, - деп хабарлады Атөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Барлығы 6 күдіктіге айып тағылып отыр.
Еске салсақ, былтыр Қопа ауылында жоғары сынып оқушылары 9 сынып балаларын ұрды. Сол кезде 9 сынып оқушысы Нұржан Сыдық көз жұмды.
ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Ақтөбе облысы Қопа ауылына барып, мектепте сауалнама жүргізді. Биллинг, балалар арасындағы төбелестің алдын алу үшін атқарылуы тиіс бірнеше жұмыс жайын бөлісті.