Көптеген халықтарға бостандық, тәуелсіздік сыйлаған жандар қошемет пен құрметке, ұдайы үлкен назарға лайықты

АҚТӨБЕ.  9 мамыр. ҚазАқпарат - Ақтөбелік санитарлық дәрігерлер Жеңіс күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырды.
None
None

Мәжіліс залында жиналған департаменттің қызметкерлерінің алдында Ұлы Отан соғысының ардагері Смағұл Әбенов ұрыс даласында қаза тапқандарды ерекше жылылықпен еске алды.

 Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық комитеті департаментінің директоры Жайдар Құрманов салтанатты шараның қатысушыларын мерекемен құттықтады. Ол көптеген халықтарға бостандық, тәуелсіздік сыйлаған адамдардың қошемет пен құрметке, күн сайынғы үлкен назарға ие екенін атап өтті.

«Көптеген қазақстандықтар Отан үшін соңғы демдері қалғанша күрескен, олардың саны жыл сайын азайып бара жатқаны өкінішті», - деді ол ардагерге жеңіске қосқан үлесі үшін ұжым атынан естелік сыйлықтарын табыстай отырып.

Департамент қызметкерлері соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Одан кейін ардагер Смағұл Әбенов өзінің жорық жолдарын, Жеңіске талпыныс, соғыс кезіндегі халықтардың ынтымақтастығы туралы әңгімеледі.

 Бүгінде Ақтөбе облысында Ұлы Отан соғысының 346 қатысушысы тіршілік кешіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар