Қор биржасында доллар 3 теңгеге арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,19 теңгеге арзандап, 508,91 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 512,83 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 512,36 теңгеден сатып алынады, 515,57 теңгеден сатылады. Еуро 594,26 — 600,77 теңге, ал рубль 6,19 — 6,36 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,63 теңгеден сатып алынады, 76,90 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 509,00 теңгеден сатып алынады, 516,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 592,18 теңге, сату — 602,29 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,15 теңге, сату — 6,50 теңге.
— юань: сатып алу — 73,24 теңге, сату — 77,30 теңге.
Еске салайық, бұған дейін доллардың орташа бағамы 1,46 теңгеге қымбаттап, 512,83 теңге болды.