Қор биржасында доллар бағамы 510 теңгеге дейін төмендеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

доллар
Коллаж: Kazinform / Freepik

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,98 теңгеге арзандап, 510,18 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 515,02 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 511,27 теңгеден сатып алынады, 513,58 теңгеден сатылады. Еуро 599,89 – 604,90 теңге, ал рубль 6,41 – 6,54 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,68 теңгеден сатып алынады, 75,33 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 508,33 теңгеден сатып алынады, 515,33 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу – 599,25 теңге, сату – 609,25 теңге;

– рубль: сатып алу – 6,37 теңге, сату – 6,52 теңге.

– юань: сатып алу – 72,92 теңге, сату – 76,95 теңге.

Еске салайық, 22 желтоқсан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,55 теңгеге арзандап, 515,02 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар