Қор биржасында доллар бағамы көтерілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Доллар, теңге
Коллаж: Kazinform/ Canva

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,71 теңгеге қымбаттап, 526,79 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 524,94 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 526,78 теңгеден сатып алынады, 528,77 теңгеден сатылады. Еуро 605,10 — 610,68 теңге, ал рубль 6,41 — 6,53 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 74,17 теңгеден сатып алынады, 76,87 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 524,69 теңгеден сатып алынады, 531,68 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 603,60 теңге, сату — 613,60 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,37 теңге, сату — 6,52 теңге.
— юань: сатып алу — 74,83 теңге, сату — 78,93 теңге.

Еске салайық, 5 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,2 теңгеге қымбаттап, 524,94 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар