Қор биржасында доллар бағамы өзгерді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

обмен валют, ақша айырбастау
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,69 теңгеге қымбаттап, 525,28 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 523,58 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 526,24 теңгеден сатып алынады, 528,02 теңгеден сатылады. Еуро 606,96 — 611,36 теңге, ал рубль 6,39 — 6,50 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 74,09 теңгеден сатып алынады, 76,62 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 523,40 теңгеден сатып алынады, 530,40 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 603,39 теңге, сату — 613,39 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,34 теңге, сату — 6,49 теңге.
— юань: сатып алу — 74,91 теңге, сату — 78,97 теңге.

Еске салайық, 10 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,27 теңгеге арзандап, 523,58 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар