Қор биржасында доллар бағамы сәл өзгерді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,25 теңгеге қымбаттап, 518,68 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 518,4 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 518,46 теңгеден сатып алынады, 520,16 теңгеден сатылады. Еуро 598,44 — 602,92 теңге, ал рубль 6,47 — 6,58 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,66 теңгеден сатып алынады, 76,11 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 516,54 теңгеден сатып алынады, 523,54 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 597,49 теңге, сату — 607,48 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,47 теңге, сату — 6,57 теңге.
— юань: сатып алу — 74,51 теңге, сату — 78,60 теңге.
Еске салайық, 25 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,52 теңгеге арзандап, 518,40 теңге болды.