Қор биржасында доллар біршама арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,44 теңгеге арзандап, 509,63 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 512,16 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 509,48 теңгеден сатып алынады, 511,57 теңгеден сатылады. Еуро 591,66 – 596,28 теңге, ал рубль 6,41 – 6,52 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,81 теңгеден сатып алынады, 76,55 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 508,00 теңгеден сатып алынады, 515,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 592,00 теңге, сату - 602,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,30 теңге, сату - 6,60 теңге.
- юань: сатып алу - 74,11 теңге, сату - 78,09 теңге.
Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 1,05 теңгеге қымбаттап, 512,16 теңге болды.