Қор биржасында доллар қымбаттап келеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

валюта
Фото: Мақсат Шағирбаев/ Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,14 теңгеге өсіп, 462,91 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 461,55 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 458,84 теңгеден сатып алынады, 465,84 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 536,85 теңге, сату — 546,85 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,89 теңге, сату — 6,20 теңге.
— юань: сатып алу — 67,18 теңге, сату — 73,02 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 461,00 теңгеден сатып алынады, 463,34 теңгеден сатылады. Еуро 541,00 — 546,23 теңге, ал рубль 5,96 — 6,09 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,30 теңгеден сатып алынады, 70,21 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 29 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,19 теңгеге өсіп, 461,55 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар