Қор биржасында еуро бағамы 600 теңгеге жуықтады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллар, еуро мен рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы өсті. 

Қор биржасында еуро бағамы 600 теңгеге жуықтады
Фото: Александр Павский / Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,63 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 519,55 теңге.

Еуро — 597,41 теңге

Рубль құны — 6,63 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 519 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 595, сату құны — 600.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 592 теңгеден сатып алынып, 602 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,49 - 6,73 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 19 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,63 теңге. Еуро — 596,27

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар