Қор нарығында доллар 2 теңгеге арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,27 теңгеге арзандап, 523,58 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 526,02 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 524,34 теңгеден сатып алынады, 526,06 теңгеден сатылады. Еуро 605,96 – 610,20 теңге, ал рубль 6,41 – 6,51 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 74,16 теңгеден сатып алынады, 76,73 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 522,45 теңгеден сатып алынады, 529,45 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 602,48 теңге, сату - 612,48 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,37 теңге, сату - 6,52 теңге.
- юань: сатып алу - 74,93 теңге, сату - 78,97 теңге.
Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 0,55 теңгеге арзандап, 526,02 теңге болды.