Қор нарығында доллар 2 теңгеге қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,06 теңгеге қымбаттап, 491,68 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 489,39 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
– доллар 488,00 теңгеден сатып алынады, 495,00 теңгеден сатылады;
– еуро: сатып алу - 565,00 теңге, сату - 575,00 теңге;
– рубль: сатып алу - 6,17 теңге, сату - 6,47 теңге.
– юань: сатып алу - 72,18 теңге, сату - 76,18 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 491,16 теңгеден сатып алынады, 493,30 теңгеден сатылады. Еуро 567,65 – 573,37 теңге, ал рубль 6,17 – 6,29 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,05 теңгеден сатып алынады, 74,67 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 11 наурыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,57 теңгеге арзандап, 489,39 теңге болды.