Қор нарығында доллар 2 теңгеге қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл өсті.

Қор нарығында доллар 2 теңгеге қымбаттады
Фото: Freepik

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,46 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 520,93 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 523 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 521 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 608, сату құны — 612.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 525 теңге, сатып алу құны — 519 теңге. Еуро 606 теңгеден сатып алынып, 613 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,58 - 6,73 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 11 шілдеге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,66 теңге. Еуро — 607,91

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар