Қор нарығында доллар 4 теңгеге арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

доллар арзандады
Фото: freepik.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,14 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 515,97 теңге.

Ұлттық банктің 5 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 520,27 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,24 теңге. Еуро — 537,65.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 517,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 519 теңге. Еуро 536 — 540 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 515 теңге, сатып алу құны — 521 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 540 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,16 - 5,27 аралығында саудаланып жатыр.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар