Қор нарығында доллар 516 теңгеге дейін арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл арзандады.

Доллар, тенге, теңге
Коллаж: Kazinform/ Canva

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,75 теңгеге арзандап, 516,86 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 518,68 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 516,45 теңгеден сатып алынады, 518,73 теңгеден сатылады. Еуро 596,81 – 601,49 теңге, ал рубль 6,49 – 6,61 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,39 теңгеден сатып алынады, 75,91 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 514,66 теңгеден сатып алынады, 521,66 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 596,68 теңге, сату - 606,68 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,53 теңге, сату - 6,63 теңге.
- юань: сатып алу - 74,42 теңге, сату - 78,55 теңге.

Еске салайық, 26 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,25 теңгеге қымбаттап, 518,68 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар