Қор нарығында доллар 6 теңгеге арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 6,26 теңгеге арзандап, 493,23 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 499,83 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 492,19 теңгеден сатып алынады, 494,95 теңгеден сатылады. Еуро 572,67 – 578,72 теңге, ал рубль 6,26 – 6,40 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,23 теңгеден сатып алынады, 75,26 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
– доллар 491,00 теңгеден сатып алынады, 498,00 теңгеден сатылады;
– еуро: сатып алу - 570,00 теңге, сату - 580,00 теңге;
– рубль: сатып алу - 6,20 теңге, сату - 6,50 теңге.
– юань: сатып алу - 72,10 теңге, сату - 76,20 теңге.
Еске салайық, 4 наурыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,31 теңгеге қымбаттап, 499,83 теңге болды.