Қор нарығында доллар 6 теңгеге қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы өсті. 

Доллар
Фото: pexels.com

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 6,05 теңгеге көтеріліп, 532,74 теңге болды. Ұлттық банктің 17 шілдедегі ресми бағамы – 526,50 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 533,32 теңгеден сатып алынады, 535,5 теңгеден сатылады. Еуро 609,47–619,62 теңге, ал рубль 6,69–6,80 теңге аралығында саудаланады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 529,76 теңгеден сатып алынады, 536,75 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу - 612,81 теңгеден сатып алуға, сату - 622,79 теңге;

– рубль: сатып алу 6,70 теңге, сату - 6,85 теңге.

Еске салайық, 16 шілдеде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 526,50 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар