Қор нарығында доллар арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

доллар
Фото: freepik.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3, 28 теңгеге арзандады. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 507, 07 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 510 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 508 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 573, сату құны — 576. 

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 511 теңге, сатып алу құны — 505 теңге. Еуро 570 теңгеден сатып алынып, 577 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,30 - 6,42 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 22 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510, 59 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,37 теңге. Еуро — 578,91.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар