Қор нарығында доллар арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,23 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 523,72 теңге.
Ұлттық банктің 23 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 523,86 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,11 теңге. Еуро — 544,34.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 528,5 теңге. Еуро 544,5 — 549,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 524 теңге, сатып алу құны — 528 теңге. Еуро 544 теңгеден сатылып, 554 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,05 - 5,15 аралығында саудаланып жатыр.
Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.
Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына әсер етуі мүмкін екенін айтты.
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, теңге бағамының әлсіреуіне негізгі үш фактор әсер етіп отыр.