Қор нарығында доллар арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,62 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 523,17 теңге.
Ұлттық банктің 3 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 524,58 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,93 теңге. Еуро — 551,91.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 528 теңге. Еуро 548 — 552 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 529 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 553 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 - 5,07 аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 2 желтоқсан күні доллар бағамы 12 теңгеге қымбаттаған болатын.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді.
Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына әсер етуі мүмкін екенін айтты.
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, теңге бағамының әлсіреуіне негізгі үш фактор әсер етіп отыр.
Осыған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамының 600 теңгеге дейін өсуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.