Қор нарығында доллар арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

тенге, доллары, евро, рубль, курс
Фото: Александр Павский / Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,12 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 508,42 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 511 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 509 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 579, сату құны — 583.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 512 теңге, сатып алу құны — 506 теңге. Еуро 577 теңгеден сатып алынып, 584 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,33 - 6,52 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 10 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 508,5 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,44 теңге. Еуро — 580,66

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар