Қор нарығында доллар арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

доллар
Фото: freepik.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,05 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 518,14 теңге.

Ұлттық банктің 31 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 519,28 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,31 теңге. Еуро — 540,05.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 520,5 теңге. Еуро 538 — 541 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 515 теңге, сатып алу құны — 521 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 543 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17 - 5,30 аралығында саудаланып жатыр.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар