Қор нарығында доллар арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,43 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 487, 24 теңге.
Ұлттық банктің 17 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 488,93 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,04 теңге.
Еуро – 532, 40.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 488 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 488,5 теңге. Еуро 529 - 532 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 486 теңге, сатып алу құны – 492 теңге. Еуро 528 теңгеден сатылып, 534 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 5,01 - 5,10 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ұлттық банк төрағасы осыған дейін жыл басынан бері теңге бағамы 5,8% әлсірегені туралы айтқан болатын.
Сондай-ақ қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов теңге құнының әлсіреу себебін түсіндірді.