Қор нарығында доллар арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

валюта
Фото: freepik

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,56 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 520,27теңге.

Ұлттық банктің 4 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 521,60 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,25 теңге. Еуро — 534,27.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 520,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 521,8 теңге. Еуро 536 — 540 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 517 теңге, сатып алу құны — 523 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 540 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17 - 5,29 аралығында саудаланып жатыр.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты. 

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар