Қор нарығында доллар арзандап, теңге нығайды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,11 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 510, 19 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 510 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 581, сату құны — 585.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 508 теңге.
Еуро 577 теңгеден сатып алынып, 584 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,32 - 6,47 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 5 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 511,67 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,53 теңге. Еуро — 582,38
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.