Қор нарығында доллар арзандап, теңге нығайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

доллар еуро
Фото: pexels.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,66 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 508, 50 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 511 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 505 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 580, сату құны — 584.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 512 теңге, сатып алу құны — 506 теңге. Еуро 577 теңгеден сатып алынып, 584 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,30 — 6,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 9 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510,19 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,46 теңге. Еуро — 582,79

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар